Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБАЛАР – ҚАРЫШТЫ ҚАДАМ

nur_3734-42

Бірегей бастамалардың басын біріктірген дәстүрлі Astex форум-көрмесінің аясында Астанада ақылды технологиялардың алаңы құрылды. Көрмеге отандық және шет елдерден келген жетекші ІТ-компаниялар қатысты. Таныстырылған жобалар қаланың иннова­циялық инфрақұры­лымын қалыптастыруға жол ашады.

Дамыған заманның белгісіндей болған бастамалардың дені Астананың төріндегі көрмеде көпшілікке жол тартты. Басқа өңірлерден және шет мемлекеттерден жеткен жобалардың ішінде елорданың инновациялары да бой көрсетті. Көр­менің бір бұрышына түгел «Smart Astana» шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар орналасты.
– Бұл көрме ең алдымен смарт техно­логиялардың алаңы ретінде ұйым­дас­тырылды. «Ақылды қала» тақы­ры­бына арналған шарада әр жерден келген делегаттар өздерінің озық жобаларын таныс­тырады. Яғни, жай көрме ғана емес, бұл жер – тәжірибе алмасу алаңы. Жетекші компаниялардың бастамаларынан үлгі ала отырып, Астана өз жолын табуы тиіс. Идея деген жетеді. Жан-жақты ой­лас­тырылған бастамалар әлеуметтік жа­ғынан да, экономикалық жағынан да оң әсерін беру керек. Астана бұл бағытта алға белсенді жылжып келеді. Біз қазір біршама жобаларды іске асырып жатырмыз, – дейді «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов.
«Smart Astana» аясында қолға алынған бағдарламаның бірі – «Сергек» жобасы. Мұның Қазақстанда баламасы жоқ екен. Жобаны «Оpen Тechnologies Group» пен «Көркем-Телеком» компаниялары бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
– Бұл жобаға жай бейнебақылау деп қарауға болмайды. Мысалы, бір опе­ратордың көз алдында 100 камера тұр­ғанымен, ол бәрін бірдей бақылай алмайды. Ерекше назар аударуға тура келетін жағдайлар болса, дереу ескертіледі. Мұның «Сергек» деп аталуының да себебі сол. Егер сауда орталығында әлдекім отырған жерінде бір затын ұмыт қалдырып кетсе, бір минут ішінде оның егесін
тауып бере алады. Пилоттық режимдегі «Сергек» қазір тек «Сарыарқа» сауда орталығында ғана жұмыс істеп тұр, – дейді «Көркем-Телеком» компаниясының
директоры Әсет Ахметов.
Аталмыш жоба бір айдан кейін барлық сауда-ойын-сауық орталықтарында, сон­дай-ақ, мешіттерде де іске қосыла бастайды.
Қаншама инновациялық жобалардың ішінде жұрт ерекше қызығушылық танытқан «Күнделік.kz» жобасы болды. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен былтырғы жылдың көкте­мінен бастап жұмыс істей бастаған екен.
– Пилоттық кезеңде 700 мектепте жаңа жоба қосылып, сынақтан өткізілді. Бүгінгі таңда министрдің тапсыр­ма­сымен 1 қыркүйектен бастап Қазақ­стан бо­йынша 4 мың мектепке осы бағдарлама енгізілуде. Ал Астанада екін­ші тоқсаннан бастап 84 мектепте жұмыс істей бастады. Жалпы республика көлемінде 3100 мектеп осы жүйемен қамтылған. Қазірдің өзінде тіркелген қолданушылар саны 1,5 миллионға жетіп жығылады. Олар – мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар. Жоба көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Пайдаланудың еш қиындығы жоқ, қолайлы әрі тиімді. Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша электронды күнделікке 6 миллион баға қойылды. Онлайн режимде
900 мың үй тапсырмалары берілді, –
дейді «Күнделік» ЖШС-нің бас директоры Александр Григорян.
Оның айтуынша, порталды пайдалануды одан әрі қолайлы ету үшін қаңтар айынан бастап мобильді қосымша іске қосылмақ.
Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдас­тырылған форум-көрмеде ынтымақ­тастық туралы 24 құжатқа қол қойылды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Print Friendly, PDF & Email
www.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*