ҚАЛЛЕКИЛІКТЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Театр режиссері, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиевтің дүниеден озғанына жарты жылдан асты. Құрылғанына 45 жыл толып отырған С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ-музыкалық драма театрының негізін қалаушы адамның бірі ретінде Жанат Әубәкірұлының осы өнер ошағының тарихында алатын орны ерекше. Ол Бұл театрда актер, кейіннен бас режиссер, көркемдік жетекші болып, айшықты қолтаңбасын қалдырды.

Өткен аптаның соңында Жезқазған қаласында Ж. Хаджиев атындағы театрлардың І аймақтық фестивалі өтті. Оған еліміздің онға тарта театры қатысты. Соның ішінде Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ-музыкалық драма театры фестивальге А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасын ұсынып, олжалы болды.
Аталмыш спектакльді сахналаған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов «Ең үздік режиссерлік жұмыс» аталымында топ жарды. Ал Марио бейнесін сомдаған белгілі әртіс Нұркен Өтеуілов Жанат Хаджиев атындағы сыйлықпен марапатталды.
«Жанат Хаджиев сахна саңлағы Әзірбайжан Мәмбетов­тің ең талантты шәкірттерінің бірі еді. Жанат өте ойшыл режиссер еді. Ол өзі де жан-жақты ойлана білетін, өз ойын көрерменнің санасына да жеткізе алатын суреткер болатын. Ол спектакльдеріне философиялық терең мән-мағына сыйдыратын жан болды. Осындай дарынды адамның атында фестиваль ұйымдастырылғанына, өзім оған қатысқаныма, қатысып қана қоймай, жүлде иеленгеніме қуа­ныштымын» дейді Нұрлан Жұманиязов.
Фестивальдің қазылар алқасына Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жетекшілік етті.

Сонымен қатар

ҚУЫРШАҚТАР ТЕАТРЫНЫҢ ОЛЖАСЫ

Астана қаласының Қуыршақтар театры Малайзияның Борнео аралында өткен «Тропикалық орман-2017» дүниежүзілік қуыршақтар карнавалынан олжалы оралды. …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған