Четверг, 17 Август 2017
-->

Қаланың көрікті болмағы ағашынан

Қала әкімі Әсет Исекешев Астананың қала құрылысы кеңесінің отырысына қатысып, елорданы көгалдандыру және абаттандыру, қала аумақтарын үйлесімді дамытуға қатысты мәселелерді қарады.

16251930_1911941665759424_806091410574298677_o

«Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты дирек­торының орынбасары Бақтыбай Тайталиев, қаланы көркейту, демалыс орындарын тиімді орналастыру жобаларымен таныстырды. Онда жаяу жүргіншілер мүдделерін қамти отырып көлік стратегиясын жүзеге асыру, қоғамдық кеңістіктерді көркейту көзделген. Осы ретте ғимараттардың қасбеттерін безендіруде оның эсте­тикалық тартымдылығына мән беру, сәйкес сыртқы жарнаманы орналастыру, навигациялық көрсеткіштерді орналас­тыру қарастырылған.
Жобалаушылардың айтуынша, шет аймақсыз шаһар қағидасымен рекреа­циялық аймақтары бар гүлбақтармен және тиісті инфрақұ­рылымы бар по­лицентристік қала жасау көзделуде.
Мамандардың айтуынша, жақын болашақта елордамыз жаңа сипатымен көріктеніп, қала дамуының әлемдік стандарттарына сай көркеюіне басымдық берілетін болады. Қаланың жасыл қамалын қалау арқылы қоршаған ортаны жақсарту мүмкіндіктерімен де таныстырды. «Креативті жобалар» бағдарламасы аясында елорданың түрлі бөлігінде 17 саябақ пен гүлбақ жасау бойынша жоба белсенді әзірленуде.
Айта кетейік, Астананың қала құрылысы кеңесі бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру, қолға алынған жобалардың сапасын арттыру мақсатында құрылған. Кеңестің қызметі ұсынымдық сипатта жүзеге асырылады. Оның құрамына қалалық әкімдіктің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, МСҚБ басқармасының басшылары, сондай-ақ, жетекші сәулетшілер кіреді.

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*