«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қалалық депутаттар Астана қаласын дамыту бағдарламасына өзгеріс енгізу мәселесін қарастырады

0 37

2018 жылғы 9 қарашада сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 
1. «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №214/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №427/61-V «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.
3. Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы.
4. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қоюға байланысты жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі шарттардың жобаларын келісу туралы.
5. Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге салықтың базалық ставкалары туралы.
6. Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу сызбасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары туралы.
7. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің құрамы туралы.
8. «Астана қаласында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілеріннің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы туралы.
9.  «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне субсидия қаражатын бөлу жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 23 тамыздағы  № 303/36- VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10. «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 273/33- VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
11. «Астана қаласының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 264/32- VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
12. «Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы №462/64-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды