«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қала тұрғындарын қабылдады

0 20

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті мәрте қала тұрғындарымен кездес­ті. Кездесуге келгендер қала басшысына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу, медициналық көмек пен білім алу мәселелері сияқты өздерін толғандыратын мәселелерін жеткізді.

Әкімнің қабылдауында болған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Қолөнершілер орталығын ашу мәселесін көтерді. Жалпы 3 ай ішінде А.Көлгінов 500-ден астам адамды қабылдады. Азаматтармен ол апта сайын кездеседі. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыс­тар жүргізіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды