-->

Қала қысқы маусымға дайын

Астана тұрғын үйлеріне кешеден бастап жылу берілді. Бұл ­туралы қалалық энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек ­Жапаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, шаһардағы балабақшалар мен мектептерге, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік нысандарға жылу ерте берілді. Ал тұрғын үйлерге белгіленген норматив бо­йынша 5 күн бойы ауа температурасы 10 градус­тан жоғарыламау керек. Дегенмен қала әкімдігі ­ПИК өтінімі бойынша дайындық төлқұжаты бар жеке үйлерге жылу беруге дайын.
Айта кетейік, 2017-2019 жылдарға арналған рес­публикалық бюджеттен Астана қаласының жылу және электр энергиясы жүйесінің дамуына 38 млрд теңге бөлінген. Соның 1 млрд 139 млн теңгесін қайта бөлу қажеттігі туындаған. Бұл қаржы 2-ЖЭО-ны кеңейту мен қайта жаңартуға, №7 және №8 стансаларға қазандық агрегаттарын, №5 және №6 стансаларға турбо­агрегаттар мен су жылытатын қазандықты орнатуға жұмсалмақ.

Қала билігі жылу маусымында кейбір санаттағы тұрғындарға 8 айлық есептік көрсеткіш – 18152 теңге мөлшерінде көмек береді. аталмыш өтемақы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы кіріс болған жағдайда тағайындалады

Ал көптің көкейінде жүрген 3-ЖЭО құрылысы 2019 жылы аяқталмақ.
«Энергия көздері, инженерлік желілер және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы тиісті жұмыстар уақытында аяқталды. Белгіленген кес­теден қалып қою жағдайы тіркелген жоқ. «Жылу үш кезең бойынша беріледі. Бірінші кезеңде тиісті нысандар жылуға қосылады. Екінші кезеңде тұрғын үй қорына жылу берілуі тиіс. Ал үшінші кезеңде заңды тұлғалардың нысандары қосылады» дейді Бақтыбек Жапаев.

Көмір алуға көмек беріледі
Қала билігі жылу маусымында кейбір санаттағы тұрғындарға 8 айлық есептік көрсеткіш – 18152 теңге мөлшерінде көмек береді. Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Салтанат Станбаеваның айтуынша, аталмыш өтемақы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы кіріс болған жағдайда тағайындалады. «Мұндай әлеуметтік көмек жер үйде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге беріледі. Бір үйде көмек алуға тиісті екі-үш адам болса, көмек тек біреуіне ғана төленеді. Әлеуметтік көмек алу үшін елорда тұрғындары Достық көшесі, 13 мекенжайына келіп, басқарма мамандарына жолығуға болады» дейді Салтанат Станбаева.

Орташа баға – 11500 теңге
Күн суытқалы, көмірдің бағасы шарықтап кеткені белгілі. Астана қалалық Кәсіпкерлік басқармасының өнеркәсіптік дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитовтың айтуынша, көмірді халыққа бөлшектеп өткізумен шамамен 30 ірі және шағын кәсіпорындар айналысады. Алдын ала белгіленген отын тоннасының орташа бағасы 11500 теңгені құрайды. Дегенмен жеткізуші ұйымдардың тасымалына кеткен шығындарына байланысты өзгеруі мүмкін.
«Өткен жылы елордалықтар 3 млн 200 мың тонна көмір пайдаланды. Бұл көлемді, негізінен, ЖЭО, ірі және шағын кәсіпорындар тұтынды. Осы жалпы көлемнің 20 пайызын халық тұтынды. Алдағы жылу маусымына қатты отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін Кәсіпкерлік басқармасы барлық ірі кен орындарымен келіссөз жүргізді» дейді Азамат Рашитов.
Астана қаласына қатты отын жеткізумен айналысатын кәсіпорындар қатарында «Жылу НС 2030», «Торы-Қыпшақ», «Жаңа әлем KZ», «Идеал», және тағы басқа мекемелер бар. Көмірдің бағасына келсек, Богатырь көмірі – тоннасы 7000-7500, Майкүбі – 9000-10500, Қаражар – 9000-10000, Шұбаркөл 7000-13000 теңге аралығын құрайды.

Гүлмира Аймағанбет

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*