«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қайырымдылық турнирі

0 16

Елордамызда БАҚ өкілдері арасында волейболдан «Галина, біз сенімен біргеміз!» қайырымдылық турнирі өтті.Қазақстан спорт журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар Галина Полевая бір жылдан бері Түркияда кезекті отадан кейін ем-дом қабылдауда. «Енді күрделі бір операциясы қалды. Егер бәрі сәтті өтсе, екі аяғынан тік тұрып ортамызға қайта оралады» дейді әріптесі Әзиз Жұмаділ. Расымен де, отандық спорттың дамуына және спорт журналистикасының өркендеуіне орасан еңбегін сіңірген тілші ұзақ жылдар еліміздің «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында журналистік қызмет атқарған.
Осы орайда «БАҚ лига» қоғамдық қорының қолға алуымен волейболдан «Жас Ұлан» республикалық мектебінде таңнан басталған жарысқа журналистерден құралған 12 команда қатысып, ойын қас қарайғанда бір-ақ аяқталды. Әртүрлі республикалық БАҚ өкілдерінен құралған турнирде «Новая площадь» журналистер құрамасы жеңімпаз атанды. Ал ­«Хабар» агенттігі, «Elorda aqparat», «Қазмедиа» орталығы, «Егемен Қазақстан», «Айқын-Литер» командалары да тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыстан барлығы 440 мың теңге жиналыпты. Бұл қаржы Галина Полеваяның еміне жұмсалу үшін есепшотына аударылды.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды