«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қайырымдылық дәстүрі

0 48

Жақында Бурабай демалыс аймағында VII Burabike Fest-2019 спорттық-қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Веломарафон және аукционнан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды.

Жыл сайын «Болат ­Өте­мұратов қоры» ұйымдас­тыратын шараға биыл 3500 адам қатысты. Веложарыс­та кәсіпқойлар 35 және 70 шақырымға, ал әуесқойлар 10 шақырымдық жолды жүріп өтті. Ал қайырымдылық аукционға Надальдың теннис добы, Головкин мен Қанат Исламның былғары қолғаптары, Винокуровтың велосипеді, Батырхан Шүкеновтың альбомы және басқа да заттар шығарылды. Бұл заттардың бәрін сатып алушылар табылды. Ал жиналған қаражат Ақмола облысының Есіл аудандық ауруханасына медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға бағытталады.
Қайырымдылық іс-шараға қатысушылар үшін мәдени-рухани қойылымдар да көрсетілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды