«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қайқая шапқан қарагер

0 157

Нұр-Сұлтан қаласында Оспан Исламұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Қайқая шапқан қарагер» музыкалық қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Өткен ғасырдың 40-50-жылдарындағы қазақ халқының қилы ­тағдырынан бір мөлтек сыр шертетін қойылымның сценарийін тарих ғылым­дарының докторы Тұрсынқан Зәкенұлы жазған.

Шыңжаңдағы қазақтардың ұлт азаттығы үшін күрескен қазақтың хас батырын еске алу кешін «Ер Жәнібек» халық­аралық қоғамдық қорының демеуінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ұйым­дастырып, өткізді.
Кеш аясында «Қайқая шап­қан Қарагер», «Бабалар мекені – Алтай», «Оспан батыр», «Оспан батырдың соңғы сөзі», «Сұлубай арман», «Сұлубай», «Ой, Ғайша» сынды авторлық әндермен бірге, «Ағажай Алтай», «Елік-ай, әттең, шіркін» сияқты халық әндері де орындалды. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Ерлан Рысқали секілді өнер жұлдыздары мен «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Әлем» эстрада би ансамблі, «Қаллеки» театрының актерлері қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды