Вторник, 26 Сентябрь 2017
-->

ҚАЙ КӘСІП ҚАДІРЛІ?

Қалай айтсақ та, кәсіптік білімге деген көз­қарас өзгерді. Жастардың кәсіптік маман­дықтарға қызығушылығы артты. Бұған не се­беп? Техникалық мамандықтарға деген па­расатты көзқарас қашан қалыптасып үл­герді? Бұл сауалдарымыздың жауабын кү­ні кеше «Мектептер мен колледждердегі кә­сіптік-бағдарлық жұмыс» тақырыбында өткізілген баспасөз турында тапқандай бол­дық.

787777

Көргеніміздей, Көлік және коммуникация колледжі мен «Қам­қор-локомотив» ЖШС арасындағы байланыс қарқынды түр­де жүзеге асып отыр. Колледж студенттері теміржол са­ла­сының төрт мамандығы бойынша дуальді оқыту жүйесі бо­йынша білім алады. Оқу жоспары ұлттық компаниямен бі­рігіп жасалады. Бүгінде студенттер «Қамқор-локомотив» де­посында дуальді жүйемен практикадан өтеді. Электровозды жасақтаудың жұмыстарын көзбен көріп, қолмен ұстап, бі­лікті мамандардан тәжірибе алады. Ал оқуды бітіргеннен кейін осы мекеменің жұмысшысы атануға мүмкіндік бе­рілген.

Шара барысында Менеджмент және бизнес колледжінің ма­мандары да жастарға кәсіптік бағыт-бағдар берді. Былтыр­дан бері тұңғыш рет пилоттық түрде Астана қаласының 24 мек­тебіне ендірілген жобаның аясында биылғы түлектер жал­пы орта білім туралы аттестаттарымен бірге мамандық­ты меңгергені туралы куәлікті де қолдарына алады.

№60 мектеп-лицейінің оқушылары да өздері құрастырған жә­не бағдарламалаған роботтарды тілшілер қауымына паш ет­ті. Роботтардың «Сумо», «Кегльринг», «Лабиринт», «Гонки по линиям», «Экоробот», «Arduino» тәрізді аттары да бар екен. Қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы тех­нологияларының бірі роботтар екенін ескерсек, жастарымыз­дың бұған қызығуы – қуантарлық дүние. Себебі қа­зіргі кезде роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өн­діріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Дуальді жүйенің мақсаты сол – болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін көтеру. Дуальді жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай, нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады. Дуальді оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі, еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады. Қаламыз бойынша 24 мектеп пен колледждердің, арнайы мекемелердің бұған жұмыла кірісуі жастарымыздың болашақ мамандықтарын таңдауына оң бағыт беріп, мәселенің түйінін шешуде.

432542542

Саят Сакеев, «Қамқор-локомотив» депосының аға инженері:

– Мен Көлік және коммуникация колледжінде электрмеханик мамандығы бойынша төрт жыл білім алдым. Оқуды жақсы аяқтап, осы депоға жұмысқа тұрдым. Басында слесарь болып жүрдім де, кейін инженер-технолог болдым. Колледж қабырғасында жүріп-ақ біз тәжірибеден жиі өттік. Қосымша мамандықтар көп үйретілді. Біздер – жастарға өте үлкен мүмкіндіктер бар. Техникалық мамандықтарды игерген жастар жұмыссыз қалмайды.

Гүлжан РАХМАН

Print Friendly, PDF & Email
ru.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*