«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Пушкин портреті

0 16

Ұлттық академиялық кітапханада орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай Ресейдегі ғылым және мәдениет орталығының ұйытқы болуымен «Пушкин портреттері» атты көрме болды.

Айтулы көрмеге ақынның өмірінен сыр шертетін 20-дан астам картина қойылды. Жалпы, аталған музей алпыс жылдан бері ұлы тұлғаның портреттерін тақырып бо­йынша жинап келеді. Бүгінде мұражайдың жеке қорында 3000-нан астам сурет сақталған.
Бұл көрме хронологиялық тұрғыдан екі ғасырды қамтиды. Осы уақыт ара­лығындағы ақынның портретін салған қылқалам шеберлерінің жұмысы шы­ғармашылық ізденістерімен ерекшеленеді. Картиналардың бояуы қанық, бір-біріне де ұқсамайды, көрнекті жанның образы шебер ашылған.
Көрменің ашылуында Қазақстандағы Ресей Федерация­сының Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин пен Парламент Мәжілісінің депутаты, публицист-ғалым, «Біздің Пушкин» атты кітаптың авторы Сауытбек Абдрахманов сөз сөйлеп, өтіп отырған шараның маңызы мен ақынның шығармашылығы туралы парасатты ой өрбітті. Сондай-ақ шара барысында «Қазіргі әлемдегі Пушкин» деген тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды