«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Пушкин көшесі жартылай жабылды

0 14

  А.Пушкин көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабық болады деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде А.Пушкин көшесінің Абай даңғылынан К.Циолковский көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты кешеден бастап 20 тамызға дейін көрсетілген учаске бойынша көлік құралдарының қозғалысы жартылай жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала көшелерінде кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды