ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы үшін экономикалық және әлеуметтік тұрғыда ауыр, тағдыршешті кезеңде тұңғыш рет бүкілхалықтық сайлау өтіп, соның қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан тарихында Тұңғыш Президент болып сайланды. Бұл сайлауға халық өте белсене қатысты. Себебі ел тұрғындары өз өмірінің де, елдің жағдайының да жақсарғанын қалады. Осылайша, тұңғыш жетекшілеріне сенім артты.

1 желтоқсан Қазақстан тарихында мемлекеттің бірінші басшысының бүкілхалықтық сайлауы өткен күн ретінде мәңгіге сақталып қалады. Сондықтан да дәл осы күнді еліміз Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтеді. Айта кетерлігі, бұған дейін мемлекет басшылары коммунистер съезінде сайланып келген, яғни бүкілхалықтық сайлау бірінші рет өтті. Демек, Президент сайлауы Қазақстан үшін маңызды әрі тағдыршешті оқиға болды.
Экономикалық тұрғыда
қиын-қыстау жылдары би­лікті толықтай бір адамға тапсыру қажет еді және Қа­зақстанның егеменді ел ретінде дамуын қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік актілерді қабылдауға Президенттің ғана беделі жететін. Осылайша, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сол жылдары еліміздің аумағында әрқайсысында 12 ракетасы бар 110 шахта болған екен. Мұның өзі төрткүл дүниенің жартысын жойып жіберуге жететін еді. Бірақ бұл Қазақстан болашағына қауіп болғанын да ұмытпаған жөн.
1991 жылдың 25 қазанында Президент Жарлығымен Қауіпсіздік кеңесі мен Рес­публиканың Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Ал оның алдында Президент «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ҚазКСР үкіметі қарамағына өтуі туралы» және «Қаз КСР алтын қоры мен алмас қорын құру туралы» Жарлықтарға қол қойды. Бұлар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің құжат тұрғысында негізі болып қаланды.
Мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы халқымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуы іспеттес.
Қазақстан Президенті 90-жыл­дардың басындағы кезең алмасуын еске ала отырып: «Жер шарының басқа бөліктеріндегідей емес, КСРО-ның ыдырауы тарихи негізі жоқ атымен жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры тереңде жатқан, кейін күшпен жойыла жаздаған мемлекеттіліктердің қайтадан қалпына келтірілуіне ұласты. Біз тек КСРО-ның ыдырауының ғана емес, мемлекеттіліктердің жаңадан жандандырылуы және заңдандырылуының жан-жақты күрделі процес­теріне ұласты деп айтқан
болар едік».
Жаңа жағдайда елімізде президенттік билік инс­ти­тутын енгізу қажет болды. Реформалар жағдайында Президент лауазымы респуб­ликаның саяси жүйесін орнықты әрі басқаруға келетіндей етіп қалыптастырды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президенті ретінде көп ұлтты елдің халқына адал қызмет етуге, ҚР Конституциясын қатаң сақтау­ға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге, өзіне жүктелген міндеттерді толық орындауға ант қабылдады.
Мемлекет құрылуының 25 жылында Мемлекет басшысы 1991 жылдың 10 желтоқсанында берген антына адал екендігін дәлелдеді.
Осы күні Қаз КСР-нің Жо­ғар­ғы Кеңесі Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы атауын Қазақстан Республикасына өзгерту туралы заң қабылдады.
Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының шекті кезеңі болып 1991 жылдың 16 желтоқсанда қабылданған «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңын айтуға болады. Бұл заң арқылы ел өзінің тә­уелсіздігі туралы жария етті.
«ҚР мемлекеттік тәуелсіз­дігі туралы» конституция­лық заңының қабылдануы жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бас­тауы болды.
Бәрін басынан бастаған Қазақстан халқы Елбасымен бірге тәуелсіз мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындай білді. Осы ретте, бірінші кезекте, шынайы тәуелсіздігіміз жария­ланып, шет елдер тарапынан азаттығымыз, дербес мемлекеттігіміз мойындалды.
Конституциялық заңның уақытылы қабылдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеп алуға мүмкіндік берді. Заңда еуразиялық кеңістікте сая­си сенім, серіктес­тік пен тұрақтылықтың негіздерін қалыптастырды.
Осылайша, 1991 жылы мемлекеттілік жанданды, Қазақстан жаңа заманауи даму дәуірін, барша халық Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге келе жатқан дәуірді бастады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен ерен ерлігінің бірі деп республика елордасын Астанаға көшіргенін айтуға тиіспіз. Бұл ұлт үшін, мемлекет үшін де саяси стратегиялық та, экономикалық та тұрғыдан оңтайлы шешім болды. Бүгінде барша қазақстандықтар өз Астанасымен мақтанады. Өткен 20 жыл ішінде Есіл жағалауында ғажайып қала бой көтерді. Отанымыздың жүрегіне, тәуелсіздігіміздің тірегіне баланған Астанамыз бүгінгі таңда әлем назарындағы байтақ қалаға айналды.
«Көп тілегі – көл» дегендей, туған халқының қалауымен сайланған Тұңғыш Президентіміз өз елінің нағыз отансүйгіш ұлы ретінде тәуелсіз Қазақстанды өркениет жолына түсіріп, кемелді келешекке сенімді бастап келеді.

Зура ЖАҚИЯНОВА,
Астана қаласы Әділет
департаментінің маманы

Сонымен қатар

АЛАШ МҰРАТЫ

Осыдан тура бір ғасыр бұрын, яғни 12 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II жалпықазақ съезінде Алаш …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған