«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Президент эстафетаны жалғастырды

0 23

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы оқушының эстафетасын қабыл алды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

 «Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді» деп жазды Берік Уәли. Жазбадан мәлім болуынша, Мемлекет басшысы эстафетаны одан әрі жалғауға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған.
Жақында әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын молаюда. Соңғы жылдары елімізде әлеуметтік желіде өлең-жырларды жатқа оқу және оны жалғап айту эстафетасы басталып, оған бастауыш мектеп оқушыларын тартып, әр сала өкілдері атсалысқан болатын. Сол эстафетаның бірі «Алпамыс» жырын жатқа айту болса, ендігі кезегі Абай өлеңдерімен жалғасын тауып, оған Президент те үн қосып жатыр. Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды