«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«ПОКЕР»!

0 46

Демалыс күндері футболдан Қазақстан чемпионатының премьер лигасында кезекті турдың ойындары өтті. Матч алдында астаналық Марин Томасовқа Қазақстан футбол федерациясының «Қыр­күйек айының үздік футболшысы» сыйлығы табыс етілді.

Кезекті турда чемпионат кестесінің басындағы «Қайрат» пен «Астана» жеңіске жетіп, екеуі де алтынға таласатын мүмкіндіктерін сақтап қалды. «Қайрат» өз алаңында «Тобылды» 2:0 есебімен жеңсе, астаналықтар «Ақтөбе» командасын 5:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында Марин Томасов, яғни бір ойында, қатарынан төрт гол соғып, «покер» жасады! Сөйтіп, сербиялық легионер чем­пионаттың мергендер тізімінде суырылып алға шықты. Ал «Ақтөбе» қақпасына соңғы бесінші голды Серікжан ­Мужиков соқты.
Марин Томасов осы чемпионат барысында қарсыластар қақпасына 19 гол соғып, 14 рет нәтижелі пас берді. Еуропа лигасында да үздіктер қатарынан аталды.
«Астана» келесі ойынды 30 қазанда Көкшетауда «Оқжетпес» командасымен өткізеді. Бұл астаналықтардың Еуропа лигасына қатысуына қатысты кейінге шегерілген 25-турдың ойыны болады.
Ал соңғы екі турдың ойындарын «Астана» 3 қарашада Қостанайда «Тобылмен», ал 9 қарашада елордада «Ертіспен» өткізеді. «Қайрат» болса 3 қарашада Павлодарда «Ертіс» командасымен ойнаса, ал соңғы турда өз алаңында «Атырау» командасын қабылдайды. Осы ойындардың нәтижесінде Қазақстан чемпионы анықталатын шығар. Ал қола жүлдеге «Ордабасы» мен «Тобыл» таласқалы тұр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды