«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Пойыздардың қозғалыс кестесі өзгерді

0 42

10 ақпаннан бастап Астана арқылы өтетін пойыздардың жүру кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Қазіргі кезде жолаушылар пойыздарының негізгі ағынын «Нұрлы жол» жаңа вокзалына кезең-кезең­мен қайта бағыттау іс-шаралары жүзеге асырылуда. Астана үшін тағы бір маңызды факті – «Астана-1» теміржол вокзалы бағытындағы автокөлік жолдарындағы көлік қозғалысын жеңілдету болып табылады» делінген таратылған хабарламада.
Жалпы алғанда, 10 жолаушы және 3 қала маңына қатынайтын пойыз­дардың кестесіне өзгерістер енгізілді. «Астана-1» стансасында төмендегідей пойыздар тоқтамайды:
№37/38 Маңғыстау-Астана-
Нұрлы жол;
№ 39/40 Астана-Нұрлы жол-
Челябі;
№ 47/48 Атырау-Астана-Нұрлы жол;
№ 603/604 Астана-Нұрлы жол-
Арқалық;
№ 603/604 Астана-Нұрлы жол-
Қызыл Ту-Петропавл.
Сондай-ақ, Астана-Нұрлы жол стансасы арқылы өтетін пойыз­дардың бағдары өзгереді:
№ 10/9 Астана-1-Алматы-1;
№ 86/85 Астана-1-Сарыағаш;
№ 97/98 Ақтөбе-Астана-1 («Тұлпар-тальго» ЖШС-нің вагондарымен);
№ 154/153 Астана-1-Семей;
№ 673/674 Павлодар –Астана-1;
№ 802/801 Астана-1-Павлодар (қала маңына қатынайтын пойыз);
№ 810/809 Астана – Павлодар (қала маңына қатынайтын пойыз);
№ 6857/6858 Қарағанды – Астана (қала маңына қатынайтын пойыз).
Барынша егжей-тегжейлі ақпарат алғыңыз келсе, вокзалдардың анықтама бөліміне немесе «105» ортақ анық­тама қызметіне хабарласыңыз

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды