«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Патша қазынасы ашылды

0 141

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары қолға алынды.

Археологтардың аяқ алысы жаман емес. Екі апталық қазба жұмыстарының нәтижесінде қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы 7 қабір (яғни ең ертедегі) ашылды. Жерлеу рәсімі бойынша зираттар 15-16 ғғ. жатқызылды.
Айта кетейік, олар мұсылман дәстүрімен жасалған. Екі моладан әшекейлер та­былды, оның ішінде қола сырға мен күміс жіп те бар. Ал қабірдің бірінде та­былған неке жүзігі мүрденің оң қолы жағынан табылды. Қорған Қарағандыға баратын жолда Күйгенжар шат­қалында орналасқан. Тас­пен жабылған қорғанның биіктігі – 4 м, диа­метрі – 60 м. Оның гранит плиталары Нұра өзенінің жағасынан алынғаны белгілі.
Қорымды зерттеуді Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы үйлестіріп отыр, ал қазба жұ­мыстарын Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің Есіл архео­логиялық экспедициясы жалғастырмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды