-->

Пәтерде тұрып жатқан қонақтар мен туыстарға уақытша тіркеу қажет емес

Қазіргі уақытта қоғамның бас­ты мәселесі өзі тұрып жатқан мекенжай бойынша міндетті түрде тіркеуге тұру болып отыр. Себебі Астана сияқты үлкен қалаларға жан-жақтан келіп, тіркеусіз жұмыс жасап жатқан азаматтар қаншама.

era_5733

Құзырлы органның мәліме­тінше, міндетті тіркеуге тұру­дың ешқандай қиындығы жоқ. Алайда әлеуметтік желідегі көпшіліктің көңілі әлі де болса күпті болып отыр. Мәселен, Руслан Желдібайдың айтуынша, Үкімет уақытша тіркеуді азаматтардың қауіпсіздігі үшін ұсынған. Алайда ол бұл мә­селеде ескеретін мә­селелер баршылық екенін айтады.
– Бірақ оны реттеу ме­ханизмі әбден сарапталмай, ситуацияны бақылауға алуға тырысып, тым асығыс қабылдай салғаны көрініп тұр. Бұл саланың маманы емеспін, бірақ шетелде бір жарым жылға жуық уақыт тұрып жатқаныма байланысты мұндағы тәжірибені айтқым келеді. Бір қызығы, Британияда тіркеу жүйесі мүлде жоқ. Қайда тұрып жат­қаныңызды дәлелдеу үшін жалға алу келісімшартын, тіпті коммуналдық қызмет төлемін көрсетсеңіз де жет­кі­лікті. Кім қайда тұрамын десе өз еркінде. Мемлекеттік органдар да қайда тұратыныңды дә­лелдейтін құжат сұраған емес, – дейді Руслан Желдібай.
Ал ҚР Ішкі істер министрі­нің орынбасары Ерлан Тұр­ғымбаевтың айтуынша, бұл елдегі ішкі көші-қонды ба­қы­лауға, қалаларда немесе басқа елді мекендерде нақты қанша азаматтың тұрып жат­қанын білу үшін қажет. Осы деректердің негізінде алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарын ашу, мектеп және аурухана құрылысын жүргізу, инженерлік-техникалық ин­фра­құрылымды дамыту сынды әлеуметтік маңызды мәселелер шешімін табады.
– Пәтер иелері жалдаған аза­маттарға тіркелуге рұқсат бермейді. Салдарынан пәтерді жалға алушылар тұрып жатқан мекенжай бойынша тіркелгісі келсе де, тіркеле алмайды. Осылайша, олар мемлекеттік, меди­ци­­­на­лық және әлеуметтік қыз­мет түрлерінен қағылады. Сон­дықтан азаматтар заңды бұзбау үшін жалған мекенжай бойынша тір­келіп жүр. Бірақ онда олар тұрмайды. Осындай мекенжайда ондаған, тіпті жүздеген азамат бар. Бірақ бұл азаматтардың қайда жүр­ген­дігін ешкім білмейді, – дейді вице-министр.
Сондықтан алдағы уақытта мұндай олқылықтар болмау үшін пәтерді жалға берушілер онда тұрып жатқан азаматтарды тір­кеуге міндетті. Ал пәтерде тұрып жатқан қонақтар мен туыс­тарға уа­қытша тіркеу қажет емес.
– Азамат белгілі аумақта 1 айдан аса уақыт тұрса, ол уақытша мекенжайда тір­­келуге міндетті. Бірақ «Тұрғын үй қатынастары» заңы бойынша пәтерде уа­қыт­ша тұрғандар, яғни пәтер иесі уақытша ақы­сыз тұруға келісімін берген аза­маттарға уақытша тір­­­­келу мін­детті емес. Ондай са­нат­тағы аза­маттарға туыс­қан­дар мен қонақтар жатады, – дейді вице-министр.
Негізі, мекенжайға тір­келу – бұрыннан бар талап. Мәселен, елімізде азамат­тар­ды тіркеу институты 1993 жылдан бас­тап жұмыс істейді. Вице-ми­нистрдің ойынша, бұл талап азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді. Бірақ та азамат жаңа мекенжай бойынша тұ­рып жатса, енді ол туралы ақ­парат беруге міндетті.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*