«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Паракаратэ секциясы ашылды

0 14

Жыл басынан бері Астана әкімдігі жанынан «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» өз жұмысын бастады. Ақпан айында мектеп жанынан тағы да бір секция ашылды. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар каратэ-до өнерін меңгереді.

Жалпы, бұл мектепте 18 спорт түрінен жаттығулар өтеді. Атап айтқанда, арбада отырып би билеу, отырып ойнайтын волейбол, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквондо, асық ату, дзюдо, бочча және голбол. Енді бұларға паракаратэ қосылды.
Топ жетекшісі – каратэ-додан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрамгүл Дукуева. Спортшы 15 жылдан бері елордалық каратэшілерді республикалық және халықаралық жарыстарға дайындап жүр.
Паракаратэшілер жаңа Паралимпиадалық жаттығу орталығында дайындалады. Қазір топта 15 адам бар. Олар – арбаға таңылған спортшылар, ментальды мүгедектер және көру органдары бұзылған жандар. Ең жас паракаратэшінің жасы – 14-те, ең үлкені – 36-да. Спорт мектебі шәкірттердің келіп-кетуін де қамтамасыз етеді. Паракаратэшілердің жаттығуға деген ынтасы мол, олардың арманы – жақында паралимпиадалық ойындарға қатысу.
Биыл 1 қаңтардан бастап Астананың мүмкіндігі шектеулі жандары мүгедектігінің тобына және жасына қарамастан Паралимпиадалық жаттығу орталығында тегін жаттыға бастады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды