«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Пара Азия ойындары: қоржында қос қола, бір күміс

0 26

6 қазан күні Индонезияда Пара Азия ойындары салтанатты түрде ашылды.

Бұл байрақты бәсекеде ел намысын 91 спортшы қорғайды. Олар спорттың 9 түрі бойынша – үстел теннисі, пара дзюдо, пара жүзу, оқ ату, пара пауэрлифтинг, садақ ату, шахмат, пара жеңіл атлетика және волейболдан сынға түседі.
Сонымен, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені Алина Солодухина салды. Ол пара пауэрлифтингтен 45 кг салмақта әйелдер арасында қола жүлдегер атанды. Оның көрсеткіші – 66 кг.
Ал екінші қола медальді Дмитрий Ли иеленді. Ли баттерфляй әдісімен 100 метрге пара жүзуден жарысты.
Бұған қоса, волейболды отырып ойнаудан жарыс жолын бастаған Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті. Командамыз Ирак құрамасын 3:2 есебімен ұтты.
Сондай-ақ Давид Дегтярев 54 кг салмақта пауэрлифтингте күш сынап, 157 кг темірді еңсеріп, күміс жүлдегер атанды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды