«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Өзімізге де байланысты

немесе телефонмен сөйлесіп жүре беретін автобус шопырларын кім тәртіпке шақырады?

0 23

Қалалық қоғамдық көліктерінің жайы – әбден жауыр болған жайт. Келісемін, бірақ жолаушылар қауіпсіздігі де маңызды. Сол себепті бұл мәселеге қайта қайырылып, есіңізге саламыз.

Қалада онға тарта жолау­шылар тасымалына тартылған компаниялар бар. Жүргізушілердің де түр-түрі кездеседі. Соның ішінде өздеріне аса «сенімділері» қорқытады. Өйткені осындай әмбебап жүргізушілердің бір қолы автобустың рөлінде болса, екінші қолынан қалта телефоны түспейді. Кейде зерігіп әңгімесіне құлақ түресің. Кү­йіп жатқан шаруа емес, бос сөз. Жаманы, көпшіліктің таңертең жұмысқа асығып салонға сыймаған сәттерінде де, көше көлікке толған кездерінде де айырмасы жоқ. Жүргізушінің аузы босамайды. Телефоннан амандық біліп, ар жағында екі ауыз бос сөз үшін өзін де қатерге тігіп, көлікке тиелген халықтың тағдырымен ойнауға бола ма? Оны өзіңіз шешесіз. Бір-екі ескертпемен жүргізушіні тыя алмайсыз. Әрі ереже бойынша көлік жүргізушісін алаңдатуға болмайды.
Мұндайда не істеу керек? Алдымен көлік жүргізушісінің аты-жөнін біліп алыңыз, содан кейін автобустың мемлекеттік нөмірін түртіп алыңыз. Және қай уақытта қандай аялдамадан мініп, қайсы аялдамадан шыққаныңызды еске сақтап қойыңыз. Сосын асықпай 109 нөмірін теріп, телефон көтерген кезекшілерге болған жайды жеткізіңіз. Әрі қарай iKomek «Астана LRT» компаниясымен хабарласып, сіздің шағымыңызды жеткізеді. Олар өз кезегінде тәртіп бұзған жүргізушіге ескерту жасап, тиісінше шешім шығарады. Егер тым «сөзшең» жүргізуші болса, қала тұрғындарынан түскен бірнеше шағымның негізінде оның жаман әдеттен айығып, оң нәтиже шығаруына ықпал етеді деп ойлаймыз. Тұрғындардың белсенділігі қызметтің сапасына да әсері барын ұмытпаңыздар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды