-->

Өткен жылы Астанада жол ережелерін бұзу оқиғалары жиі кездесті

Былтыр елорданың жол полицейлері 230 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтаған. 

patrul-2

Өткен жылы «Bus lane» жолағына шығу, жылдамдықты арттыру, телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау, бағдаршамның қызыл көзінен өтіп кету, қарсы қозғалыс жолағына шығу секілді жол ережесін бұзу оқиғалары жиі кездескен. Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің взвод командирі Ринат Әбдірахмановтің айтуынша, жол ережелерін негізінен 18-25 жас аралығындағы жастар бұзады және заң бұзушылықтың көбі жұмысқа бару-қайту уақытында жиі болады.
Егер жүргізушілердің бірі қандай да бір жол жүру ережесін бұзғанын жаяу патруль полицейлері байқаса, олар қолымен белгі беріп, көлікті тоқтатуға құқы жоқ. Мұндай жағдайда олар рация арқылы әріптестеріне хабарлап, олар әлгі тәртіп бұзған көлік жүргізушісін келесі бір ауданда тоқтатады.
Биыл 1 қаңтардан бастап полиция таяқшалары қолданыстан шығарылғаны белгілі. Осыған байланысты полиция пультіне бейнебақылау камераларынан түсетін дабылдар мен «102» нөміріне келетін шағымдар көбейген. Қазіргі күні жол полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзғандардан бастап, қоғамдық орындарда темекі тартуға дейінгі барлық құқық бұзушылықты бақылап, анықтайды.
Елорданың бір учаскелік полиция бекетіне бір автопатрульден келеді. Патрульдеу тиімділігін арттыру үшін автокөліктер дыбыс жазатын құрылғысы бар бейнекамералармен, дыбыстап хабарлау және жыпылықтағыш шамдармен жабдықталған.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*