«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Өткел жол жұмысты жеңілдетеді

0 16

Елорда әкімі Алтай Көлгінов №2 қалалық ауруханаға барып, мекеменің жұмысымен танысты.Өз кезегінде клиниканың бас дәрігері Иван Ли қала басшысына пациенттерге қызмет көрсетудің 3H жүйесі туралы толығырақ түсіндіріп берді. Оның айтуынша, бұл жүйе емделушілерді үш бөлікке бөледі.
– Қызыл бөлікте қарқынды терапияның реанимациялық палаталары ұйымдастырылған: мұнда пациентті жасанды тыныс алу аппаратына бірден көшіруге және т. б. жасауға болады. Автобус ірі жол-көлік оқиғасына түскен кезде барлық 29 зардап шегуші біздің қызыл бөлікке келіп түсті. Сары бөлікте пациенттерді қарау кабинеттері ұйымдастырылған. Пациент сол жерде анализ тапсырып, мамандардың кеңесін ала алады. Ал жасыл бөлікте науқастарды тіркеудің электрондық жүйесі ұйымдастырылған. Оператор алғашқы диаг­ностиканы жүргізіп, науқасты қарау үшін мамандарды шақырады, – деді бас дәрігер.
Кездесу барысында клиниканың екі ғимараты арасында өткел жол салу, компьютерлік томографияны сатып алу мен машиналарға арналған тұрақ орындарының санын арттыру қажеттігі де айтылды.
Өткел жолда кешенді-диаг­нос­тикалық бөлімшесі бар қабылдау бөлмесі болады. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді және пациенттер үшін қолайлы жағдай жасайды. Қала әкімі Алтай Көлгінов осы мәселеге қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды