«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Өте құпия» құжаттар

0 123

Кеше ҚР Ұлттық  мұрағатында  Саяси  қуғын-сүргін  және  ашаршылық құрбандарын  еске  алу  күніне  арналған  құжаттық көрме ашылды. Онда аталмыш  мекеме  және  ҚР Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі  комитеттің қорларынан  алынған  «өте құпия» грифі  соғылған  құжаттардың түпнұсқалары  алғаш  рет  таныстырылды. 

Көрменің ашылуына келгендер Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағ­жан Жұмабаев, Санжар Аспандияров, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ораз Жандосов, Темірбек Жүр­генов, Әбілқайыр Досов, Жұмат Шанин, Шахан Мусин, Әбубәкір Алдияров, Жұмағали Тілеулин, Тұрлыхан мен Алдажар Хасеновтер, Мұхтизар Титақов сынды қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зия­лыларының құжаттары мен тергеу материалдарымен танысу мүмкіндігін алды.
Сондай-ақ, Қазақстанға жер аударылған ұлттар­дың, қуғынға түскен әс­кери тұт­қындардың, дін қызметкерлерінің тергеу құжаттарын да көрді. Көрмеге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, Қазақ­стандағы шетел елшіліктерінің қыз­мет­керлері, өткен ғасыр­дағы нәубет құрбан­дары мен олардың туыстары қатысып, сол қаралы күн­дерді еске алды.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды