ОРТАҚ ЖОБАЛАР ОРТАҒА САЛЫНАДЫ

19-20 қазанда Астанада CRE Central Asia 2017 атты жыл­жы­­майтын мүлік мәселесі бойынша форум болады. Шара әкімдік қолдауымен қалалық Инвестиция және даму басқармасының бастамасымен өткізіледі.

CRE Central Asia 2017 – бизнес өкілдері үшін Орталық Азиядағы коммерциялық және жылжымайтын мүлік мәселелерін талқылауға арналған алаң. Бұдан бұрын елордада коммерциялық жылжымайтын мүліктің апталығы өткізіліп тұратын. Ал қазан айында Еуропа, Азия, ТМД мемлекеттерінен нарық механизмін түсінетін мамандар бір жерге жиналып, пікір алмасып, ортақ жобаларды талқылайды.

Тәуелсіздік сарайында өтетін форумға Бішкек, Ташкент, Ашхабад, Душанбе, Қазан, Омбы облысы, Уфа, Баку, Екатеринбург, Новосібір, Тбилиси қалаларының басшылары қатысып, Қазақстан тарапынан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахимов және Астана әкімі Әсет Исекешев қатысады деп жоспарлануда. Олар қалалар инфрақұрылымының дамуы мен инвестициялық тартымдылығын сөз етіп, өзара тәжірибе алмасады.

Гүлдана Талғатқызы

Сонымен қатар

Алматы АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Құрметті аудан тұрғындары! Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы ауданының барлық маңызды әлеуметтік-экономикалық өсуі жалпы тәжірибеде …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған