Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

ОРТАЛЫҚ ЖАҢА КЕҢСЕГЕ КӨШТІ

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты орталық жаңа ғимаратқа көшті. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Сәуле Нұрғожина баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ол бұған дейінгі кеңсе өте тар болғандықтан, азаматтарға толық­қанды қызмет көрсете алмағанын айтады. Ал Достық көшесі, 13, яғни «Нұрсая-2» тұрғын үй кешеніне көшіп келген орталықтың ғимараты кең әрі электрондық кезек бойынша қызмет көрсетеді.

– Басқарманың басты жаңа­шыл­дығы – электронды кезек арқылы тұрғындарға жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік алдық. Өйткені жаңа ғимараттың көлемі үлкен, қажетті барлық құрал-жабдықтармен және кәсіби біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етілген , – деді ол.
Жалпы, осы жылдың басынан бері аталған басқарма 68 357 мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 9320, ал «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 537 қызмет көрсетілген. Бұдан бөлек, жұмыспен қамту саласында – 17 605, көші-қон саласында – 4778, әлеуметтік сала бойынша 45 974 қызмет көрсетілген.

Қазіргі уақытта басқарма 2018 жылдан бастап мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы жайында халықты ақпараттандырып жатыр. Мысалы, тұрғын алаптарында 157 кездесу өткізіліп, 12 249 адам ақпаратпен қамтылды. Сондай-ақ, басқармада әр дүйсенбі және сәрсенбі сайын халықты қабылдайтын ведом­ствоаралық алаң құрылды.

Серік
ЖОЛДАСБАЙ

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*