«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Орталық базардағы оқу-жаттығу

0 57

Кеше Байқоңыр ауданына қарасты Орталық базар ғимаратында өртке қарсы оқу-жаттығу болды. Ауданның әкімі Ерлан Қаналимов аталмыш шараға арнайы келіп қатысты.

Астана қаласы ТЖ Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Талғат Жұмабаев:
– Орталық базардың жабық сауда үйіндегі оқу-жаттығуды жоспар бойынша өткізіп отырмыз. Ешкімге алдын ала ескертілген жоқ. Базардағы саудагерлер мен келушілердің төтенше жағдайға қаншалықты дайын екенін көреміз. Жалпы, мұндай шаралар қаладағы сауда үйлерінің барлығында да өткізіледі. Мұнда 8 кіріп-шығатын есік бар. Оның бәрі үнемі ашық болуы тиіс, – дейді тілшілер тобына берген сұхбатында.
Сонымен дабыл қағылып, сауда үйінің ішіндегі адамдар 5 минуттың ішінде түгелдей сыртқа шығарылды. Араға 7 минут салып, өрт сөндіру қыз­метінің мамандары да оқиға орнына келіп жетті.
– Байқоңыр ауданында 37 ірі сауда орталықтары бар. Алдағы уақытта Орталық базар, Көк базары сияқты бір­қатар сауда үйлері күрделі жөндеуден өткізіледі. Даладағы контейнерлер біртіндеп жабық әрі жайлы бутиктерге көшіріледі. Көлік қоятын орындар да көбірек қарастырылатын болады. Сонымен қатар олардың қауіпсіздік шаралары да жіті қадағаланады, – дейді Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимов.

Нұрдәулет КӘКІШТЕГІ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды