«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ОРТАЛЫҚ АРҚЫЛЫ 4000 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

0 54

«Жастар» сарайында өткен бұл жәрмеңкеге 100-ден аса жұмыс беруші қатысып, 3000-нан астам жұмыс орнын ұсынды. 1000-нан астам жұмыс іздеуші жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, түйіндемелерін қалдырды. «Бұл шараны жыл басынан бері төртінші рет ұйымдастырдық. Жыл соңына дейін тағы 2 мәрте жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша «Жастар жылы» аясында да жұмыспен қамту көлемін кеңейтуге күш салдық» деді қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрлан Балықбайұлы.
Орталықтың дерегіне сүйенсек, биыл жыл басынан бері орталық арқылы 4000 адам жұмысқа орналасқан. Олардың арасында 121 адам әлеуметтік жұмыстарға, 1968 адам қоғамдық жұмыстарға тартылса, қалған 1370-тен аса азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған.
Биыл қала бойынша көпбалалы аналарды жұмыспен қамтуға бағытталған арнаулы бағдарлама бойынша 2100 грант бөлінген. «Көпбалалы аналарға 200 айлық есептік көрсеткіш бойынша, 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз көмек жасалып, 84 мамандық бойынша кәсіпке баулу жоспарланып отыр. Қазір де ұсыныстар қабылданып жатыр» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды