«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Оқырмандарды саяхатқа шақырды

0 28

Жақында Елбасы кітапханасы қызықты деректерге толы жаңа бір жинақпен толықты. Ол – Гейдар Алиев қорының қолдауымен жарық көрген Риза Дигатидің «Лапыл қаққан от» («The Elegance of Fire») атты кітабы. Мұнда оқырмандар әзербайжан халқының тұрмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен жақынырақ танысады.

Кітап «Балалық шағымның арманы», «Мәдени жаңғыру», «Руханияттың жері», «Үміт пен ақиқат», «Ізденіс» деген бес бөлімнен тұрады. Оның әр тарауы түрлі түсті суреттермен безендірілген. Жинақтағы суреттерден автордың көзқарасы, Әзербайжанға деген ерекше ықыласы байқалады.
Риза Дигати – француз фотожурналисі. Иранның Тебриз қаласында дүниеге келгенімен, ұлты – әзербайжан. 1979 жылы Ирандағы мемлекеттік төңкерістің себебінен елден кетуге мәжбүр болады. Бүгінде ол өз жұмыстарында адамзат әлемінің сұлулығы мен қайғылы оқиғаларын қырағы назарынан тыс қалдырған емес.
Сондай-ақ Риза Дигати The National Geographic ұлттық географиялық қоғамдастығының 30-дан астам деректі фильмінің түсіріліміне қатысып, журналдарына бірталай суреттерін жариялаған. Отыздан астам жыл бойы ол жүздеген елді аралап, қоғамдағы түрлі шиленістердің, табиғат апаттарының куәгері болды. Оның еңбектері National Geographic, Time Magazine, Stern, Newsweek, El Pais, Paris Match, Geo секілді беделді бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген. Филантроп әрі нағыз жанашыр ретінде ол балаларға білім беру мәселесімен айналысатын «AINA» қайырымдылық қауымдастығының негізін қалап, соны 2001 жылдан бастап басқарып келеді. Бүгінге дейін автордың 29 кітабы жарық көрген. Қорыта келгенде, Риза Дигатидің жаңа жинағы оқырмандарды саяхатқа шақырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды