«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Оқу қолжетімді болса…

0 53

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын халық ыстық ықыласпен қабылдап отыр. Себебі әр бастама­ның астарында қо­ғам­дағы түйткілді мәсе­лелердің шешімі тұр. 

Елбасының осы бес бастама­сының ішіндегі жоғары білім беру, жастарды қолдау бағы­тындағы мәселелерді ерекше атап өткім келеді. Өйткені жас ұрпақ – еліміздің келешегі, мемлекетіміздің жарқын бо­ла­ша­ғына кепіл болатын негізгі күш. Барлық бастама ауқымды әрі әрқайсысында маңызды мәселелер қарастырылған.
Мемлекет басшысы бірінші бастама ретінде қазақстандық әр отбасының баспанаға қол­же­тімділігін қамтамасыз ету қажетін айтты. Оның сөзінше, бұл үшін үй алу кезінде аза­маттарға беріле­­тін несие пайызын 7 пайызға дейін, алдын ала төлемді 20 пайызға дейін азайтып, ал несиені өтеу мерзімін 25 жылға дейін ұзарту керек. «Екіншіден, салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың табысын молайту үшін салық жүктемесін он есеге азайтып, 1 пайызға түсіру керек. Бұл бастаманы 2019 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап іске асыруды ұсынамын» деді Президент.
Елбасы, бұған қоса, үшінші бас­­тама ретінде жоғары білімге қолжетімділікті арттыру және оның сапасын көтеру қажетін айтты. «2018-2019 жылдары әр жылға қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынамын. Колледждер мен университеттер 2022 жылға дейін жекеменшік-мемлекеттік серіктестік негізінде кемінде 25 мың орындық жатақхана салуы керек» деді.
Президенттің төртінші бастамасы шағын және орта бизнес­ке дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды. Ол 2018 жылы жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру үшін қосымша 20 миллиард теңге бөлу керегін айтты.
Бесінші бастама деп Президент Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарына газ тарту керегін баса айтты. Қазақ­станның оңтүстік және батыс өңірлеріне ғана газ тартыл­ғанын айтқан Президент орталық және солтүстік облыстарға бір жарым жыл көлемінде газ тарту міндетін қойды.
Елбасымыздың елдің әлеу­меттік жағдайын жақсартуға, қарапайым халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға баса назар аударып отырғаны оның көре­гендігінің кезекті көрсеткіші десек болады.

Құралай ТІЛЕУЛИНОВА,
Президент жанындағы «Қоғамдық келісім»
мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы,
Астана қаласы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды