Вторник, 25 Июль 2017
-->

ОҚ БОЙЫ ОЗДЫ

Елордалық «Астана» футбол клубы маусымды ойдағыдай бастамағанымен, келе-келе күшіне мініп жатыр. Ел біріншілігінің кезекті турында көкшетаулық «Оқжетпес» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен оқ бойы озды. Осылайша, чемпион турнир кестесінде көш басына шығып, өз орнына жайғасты

343

Негізі сырт алаңға жоспарланған матч елордада өтті. Онда да «Астана Аренада» емес, «Тарлан Арена» ста­ди­­­о­­нында ойнады. Сондықтан көкшетаулықтар өз көгалында доп теппегенімен, осы алаңды өзімсініп ойнау­ға тура келді. Дегенмен үйі жақын астаналықтар ойқастап бәрібір өз дегендерін жасады. Алғашқы таймда «Оқжетпес» қақпасына доп дарытпауға барынша тырысты. Роман Мұртазаев пен Серікжан Мужиковта есеп ашатындай мүмкіндік болды. Тіпті, 45-минутта қорғана жүріп қолына доп тигізіп алған қарсыластың қақпасына пенальти белгіленді. Бірақ Джуниор Кабананга мүлт кетті.

5435435

Ойынның екінші бөлігінде қақпа маңын жиі торуылдап жүрген Дидар Жалмұқан мен Серікжан Мужиков екеуі бірігіп жүріп ақыры айлаларын асырды. Араға үш минут салып, 64-минутта есеп еселене түсті. Көкшетаулықтар қалбалақтап жүріп өз айып алаңында тағы бір пенальти жасап берді. Бұл жолы Срджан Граховац теуіп, қателеспеді. Ол осылайша ҚПЛ-дағы алғашқы голын салды. Матчты үшінші голмен Мұртазаев түйіндеді. 79-минутта соғылған бұл голға Жалмұқанды алмастырған Аздрен Ллуллакудың да еңбегі сіңді. «Астана» командасының келесі қарсыласы – талдықорғандық «Жетісу». Бұл ойын Қазақстан Кубогы шеңберінде 19 сәуір күні өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*