«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«OPEN AKIMAT»

0 15

Электронды-цифрлық қолтаңбамен жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжаттар тізі­мін беретін 3 қосымша орын ашылды.Кешеден бері Халыққа қыз­мет көрсету орталы­ғының қыз­меткерлері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, Сарыарқа мен Есіл аудандарында open akimat жүйе­сін іске қосты. Мамандар жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағ­дарламасына қатысу үшін ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба) мен қажетті құжаттар тізімін береді. Бұдан басқа, штаттық режимде ЭЦҚ қаладағы барлық ХҚО-ларда да беріледі.
Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұр­ғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 5-10 қараша аралығында жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау Smart Astana порталы ар­қылы жүзеге асырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды