«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Онкологиялық орталыққа барды

0 14

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа барды.

ҚР Үкіметінің басшысына жаңа ғылыми онкологиялық орталықты салу бойынша жол картасын іске асыру барысы туралы баяндалып, ғимаратты жобалау сызбасымен таныстырылды. Ғылыми онкологиялық орталық астыңғы қабатын қоса алғанда 6 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы 49 мың шаршы метрден астамды құрайды. Құрылыс аумағы 16 мың шаршы метрден астам.
Құрылысты 2021 жылғы наурыз­да аяқтау жоспарланған. Жаңа орта­лықта қатерлі ісік ауруларын анықтау мен емдеудің алдыңғы қатарлы технология­лары пайдаланылған, сонымен қатар, осыған дейін құрылған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдалана отырып, лазерлік, сәулелік және жасушалық-­иммундық терапия қолданылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды