«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Өнер орталығына айналады

0 19

Бүгін елордада қала әкімі Бақыт Сұлтанов 2 маусым мен 10 тамыз аралығында өтетін халықаралық Astana Art Show заманауи өнер фестивалінің арт-директоры және жетекшісі Жером Санспен кездесті.

Шаһар басшысы заманауи суретшілер форумын өткізуге жан-жақты көмек көрсететінін айтты. Көрме екі алаңда – Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайларында өтеді. Ол 15 елдің 40-қа жуық суретшісінің басын қоспақ. Сондай-ақ өнер фестивалі аясында «Бірінші байланыс» жастар көрмесі мен халық­аралық Racing the Galaxy көрмесі де ұйымдастырылады.
«Бұл жоба екінші жыл жұмыс істеуде. Біздің басты мақсатымыз – қазіргі заманғы өнер көрсететін дарынды суретшілерді бір алаңда жинау. Astana Аrt Show-2019 барлық суретшілерге тән номадизм мен еркіндік рухын паш етеді» деді Artios және TSE Art Destination галереясының негізін қалаушы Дина Байтасова.
«Бірінші байланыс» жастар көрмесінде отандық 22 жас суретшінің жұмыс­тары ұсынылады. Ал Racing the Galaxy көрмесінде танымал қазақстандық өнер иелерімен қатар шетелдік суретшілердің жұмыстарын да көруге болады. Көрме аяқталғаннан кейін жұмыстардың басым бөлігі мұражайларға берілсе, арт-инсталляциялар мен мүсіндер қала көшелерінде орналастырылатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды