«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Он жеті тілде өнер көрсетіледі

0 40

Кеше Оқушылар сарайында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!» атты Қазақстан халқы достығының XIX қалалық фестивалі шымылдығын ашты. Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл фестиваль биылғы жылы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Астана қаласы Қазақстан Респуб­ликасы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың айтуынша, фестивальді ерекше деңгейге көтеру мақсатында ұйымдастыру алқасы оны конкурс түрінде өткізуге көшіпті. Нақтылап айтқанда, биылғы жылы қазылар алқасына өнер ұжымдары арасынан оза шапқандарын іріктеп алып, үш жүлде бойынша қаржылай сыйлық үлестіреді. Бірінші орынды жеңіп алған ұжымға – 500 мың теңге, екінші орынға – 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге көлемінде сыйлық табысталмақ екен.
Фестивальға биыл 17 этномәдени бірлестік қатысып отыр. Олар өздері­не берілген жарты сағат ішінде ұлттық орталықтарының ең озық өнерпаздарын ортаға шығарып, өздері қалаған бағдарламасын көрсете алады.
Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы және Мәдениет және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырған фестиваль-конкурс бүгін мәресіне жетеді.

Нәзира БАЙЫРБЕК 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды