ӨЛЕҢДЕРІ ОТТЫ ӨРЕНДЕР

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым!» және «Мәңгілік ел – мұратым!» тақырыбында ұйымдастырған жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды.

Мүшәйраға еліміздің әр аймағынан екі жүзге тарта жас ақын қатысып, бақ сынады. Олардан отансүйгіштік рухта жазылған өлеңдер көп түсті. Қазылар алқасына бірінен-бірі өтетін жүйріктерді анықтау оңайға тиген жоқ. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» ғана дараланды.
Бірінші орынды Шығыс
Қазақстан облысынан келген жас ақын Рауан Қабидолдин жеңіп алды. Оған 300 мың теңге бе­рілді. Екінші орынды қара­ғандылық Аманкелді Ақжігіт пен жамбылдық Наурызбек Саршаев иеленді. Оларға 200 мың теңгеден табыс етілді. Үшінші орын алған үш ақынға 100 мың теңгеден бұйырды. Олар: елордалық Әбіл Мирас, атыраулық
Дидар Ұзағалиев және Батыс Қазақстан облысының өрені Талап Шерхан. «Үздік ақын» аталымы бо­йынша Әлібек Амандықов, Жәмиля Бахтиярқызы, Айнұр Полотова, Ұлжалғас
Мамадиярова топ жарды. Енді мүшәйраға қатысып, отты өлеңдерімен көрінген отыз ақынның жыры жинақ болып жарық көреді.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов өз сөзінде жас ақындар мүшәйрасы алғаш өткізіліп жатқандығын ес­керіп, енді оны тамаша дәс­түрге айналдыруды көздеп отырғандығын жеткізді. Алдағы жылғы жыр байқауы елорданың жиырма жылдық мерейтойына арналмақ.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Сонымен қатар

Отбасы – тәрбие бастауы

Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта – отбасы. Отбасы – ізгі дәстүрдің, өнегелі мұралардың, салт-дәстүрлердің …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған