«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Обырды жеңу оңай емес

0 80

Астана Ұлттық ғылыми медициналық орталығында обырға қарсы, қан шығарып, етті кеспей ота жасаудың тиімді әдісі ендірілді. Емдеудің жаңа әдісі – бауыр, бүйрек, өкпенің қатерлі өскіндерін радиожиілік абляциялауы арқылы емдеуге мүмкіндік береді.

Орталықтың шақыруымен Санкт-Петербургтен келген Ресей хирургиялық технологиялар мен радиология орталығының бөлім меңгерушісі И.Рукин елордалық әріптестерімен бірге қатерлі ісікке шалдыққан бірнеше адамға ерекше ота жасады. Онколог-дәрігер обыр ауруын емдейтін мамандармен шеберлік сыныптарын өткізіп, науқастардың ағзасына аса көп нұсқан келтірмейтін, ісіктерді радиожиілік абляциялау арқылы емдеу тәжірибесімен таныстырды.
-Бүгін біз бұдан 1 жыл бұрын жасай алмағанды істей аламыз. АҚ обырды емдеу мәселесінен шеткері қалған жоқ және бүгінгі күні Астана қаласында Ұлттық ғылыми медициналық орталығында емдеудің жаңа жоғары тиімді әдісі – бауыр, бүйрек, өкпенің қатерлі жаңа өскіндерін радиожиілік абляциялауы қолдануда.
Жаңа инновациялық, радиожиілік абляция – ісікті хирургиялық жолмен алатын емес, адам ағзасындағы қатерлі ісікті жоюға тікелей бағытталған минималды инвазиялық процедура. Әдістің негізінде тірі тіндерді фрикциялық жылыту әсері жатыр. Ол иондардың күшейтілген тербелгіш қозғалтқыштарын шақыратын және жылу түрінде энергияны босататын жоғары жиілік тоқты оларға әсер ету салдарынан шығады. Ол кезде олар 80-90 градусқа күйдіріліп оның салдарынан және ісік жоғалады. Обыр жайлаған тін жанған соң біртіндеп сорылады. Қазіргі аппаратура ісікке әсер етуді дәл дозалауға және сау тінді зақымдамау үшін тоқты жоғары дәлдікпен бағыттауға мүмкіндік береді. Өткізілген статистикалық зерттеулерге сәйкес осындай жоюлардан кейін қатерлі ісіктердің рецидивтер саны 10 пайыздан аспайды, ал хирургиялық жою­дан кейін ол 20-30 пайызға дейін жетеді – деп түсіндірді орталықтың дәрігер-онколог, радиолог Нияз МАЛАЕВ.

Абляцияның артықшылығы неде?

Бұл әдісі ісіктерді ота жасаудан гөрі, өзінің тиімділігі мен артықшылығын дәлелдеді. Осы әдіс арқылы тіндердің үлкен тіліктерін алып тастамайды, ағзасы қатері аз инвазиялық әдіс болып табылады. Ол тері аралық пункция арқылы жасалады.
Хирургиялық операция­ға қарағанда процедура аз уақыт алады. Яғни, ісіктің саны мен көлеміне байланысты 10-30 минут ішінде ем-шарасын жүргізеді.
Ұзақ интубациялық наркозды қажет етпейді, негізінен көктамырлық немесе регионарлық анестезия қолданылады. Операциядан кейін аз уақыт қана ауырсынады. Оңалту кезеңі де хирургиялық операцияға қарағанда едәуір қысқа, барлығы шамамен үш күнде өзіне келеді. Осы әдістен кейін рецидивтер оперативтік жоюға қарағанда 2-3 есе сирек болады.
Хирургиялық жолмен емдеуге қарағанда манипуляция құны мемлекет үшін де пациент үшін де анағұрлым төмен. Бұл процедураны обыр кеулеген бір органға бірнеше рет қолдануға болады.
Елордадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта өткен шеберлік сыныбына Ақтөбе, Ақтау, Алматы мен Астана дәрігерлері қатысты.
Осы жолы радиолог Нияз Малаев, ресейлік дәрігердің бақылауымен жаңа әдіс бойынша ота жасады, сонымен бірге алғаш рет Астанада бауыр обырымен келіп түскен науқасқа лапароскопиялы РЖА жасап, бауырдың зақымдалған бөлігін пышақпен кеспей алып тас­тады. Осы артықшылықтары арқасында РЖА қатерлі ісіктің кешенді емдеуінде дәстүрлі әдістермен бірге қолданылатын болады, оперативтік емес бауыр ісігін емдеуі кезінде емдеудің жаңа әдісі ретінде қатар жүретін болады. Ал обырды емдеудің озық әдісіне мұқтаждар аз емес екені белгілі.
Қазіргі кезде Қазақстанда диспансерлік есепте 176 мың онкоауру тіркелген. Жыл сайын 34 мыңға жуық онко­аурулардың белгілері жаңадан табылып, анықталады, олардың ішінде 25 мыңы жыл сайын қайтыс болады, солардың ішіндегі 49 пайызы еңбекке жарамды жастағы адамдар. Еңбекке қабілетті жастағылардың онкологиямен ауру салдарынан салық және әлеуметтік аударымдардың экономикалық зияны орташа есеппен 21 млрд. теңгені құрайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды