«О адамдар, біргемін мен сендермен…»

Жуырда  қаламыздың Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде осыдан 80 жыл бұрын дүниеге келген белгілі ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің туған күніне орай «О адамдар, біргемін мен сендермен…» атты мерекелік іс-шара өтті.

yyyyyyyyyyyyyyyyyyy

Шараға ақынның артында қалған ұрпақтары – Айнар, Қосней және Салтанат Айбергеновалар, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, ақын Маржан Ершу, композитор Оспан Сүлейменов және ұстаздар қатысты.

yvjtstststststststststststststststststs

Айта кетейік Төлеген Айбергеновтың құрметіне жыл сайын оқушылар арасында сайыстар өткізіледі. Бүгінде салтанатты іс-шараға келген қонақтар үшін сол сайыстардан үздік деп танылған оқушылар ән айтып, би билеп, мәнерлеп оқып,  ақиық ақынға арнаған өлен жолдарын паш етті. Кеш соңында бірқатар үздік оқушылар мен ұстаздар Төлеген Айбергенов атындағы  төс белгімен марапатталды. Кеш соңында ақынның қызы Айнар Төлегенқызы отбасының атынан 80 жылдық еске алу кешін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін мектеп ұжымына алғыс айтты.

yyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyyy

Әсел Әміре, ЕҰУ-дің студенті

Сонымен қатар

«…МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ БАР МҰНДА!»

«Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…» деп жырлаған ғасыр ақыны …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған