Четверг, 17 Август 2017
-->

Нұрсұлтан Назарбаев Белградтағы Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан мен Сербия басшылары Жамбыл Жабаевтың бюстіне гүл шоқтарын қойды.

06

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға арнаған сөзінде қазақтың ұлы ақынының туғанына 170 жыл толған тұста Белград қаласында оның ескерткішінің ашылуы маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара қазақ ақындары мен жазушыларының туындылары серб тіліне және керісінше серб қаламгерлерінің шығармалары қазақ тіліне аударылуына ықпалын тигізсе деймін. Осылайша, біз халқымызды және жастарымызды жақындастыра түсеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта Сербияның Қазақстандағы мәдени күндерін және Белградта еліміздің мәдени күндерін өткізуді ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейін Қазақстан мен Сербия арасындағы мәдени және гуманитарлық байланысты нығайту қадамдары жалғасын табатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Сербия Президенті Т.Николич пен Белград қаласының мэрі С.Мали сөз сөйледі.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*