«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Нұр-Сұлтаннан Ұлан-Батырға ұшасыз

0 17

Отандық Scat әуе компаниясы 2 маусым күні Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр рейсін іске қосады.

– Бұл елорда мен Моңғолия арасын жалғайтын ең алғашқы әуе рейсі болғалы тұр. Жаңа бағыттың жолаушыларын BC Boeing-737 ұшағы тасымалдайды. Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Бір бағытқа ұшу уақыты – 3 сағат 10 минут. Әуе билеттерінің бағасы бір бағыт бо­йынша – 91000 теңгеден, ал екі бағытқа 180000 теңгеден басталады, – дейді Scat әуе компаниясының коммерциялық директоры Николай Буряков.
Өз кезегінде Моңғолияның Қазақ­стандағы төтенше және өкі­лет­ті елшісі Баттулга Лувсангийн жаңа рейстің екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік қарым-қатынастың дамуына оң серпін беретінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа рейс Нұр-Сұлтан қаласынан шетелге шығатын 36-бағыт болып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды