«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Нұр-Сұлтанда әлемдік дода басталды

0 20

«Барыс Арена» спорт сарайында шайбалы хоккейден бірінші дивизион бойынша өтетін әлем чемпионатында Қазақстан, Беларусь, Венгрия, Словения, Литва және Оңтүстік Корея құрамалары сынға түседі.

Чемпионат ойындарын тамашалау үшін 30 сәуір, 1, 2, 3, 4 және 5 мамыр күндері арнайы «Shuttle-Bus» автобустары ұйымдастырылады. Жанкүйерлерге жиналу нүктелері – «Қазақстан» СК тұрағы және Бөгенбай батыр ескерткіші алдындағы тұрақ (Бөгенбай – Сарыарқа қиылысы), «Нұр Астана» мешітінің тұрағы, елордалық цирк тұрағы. Автобустар матч­тың басталуына екі сағат қалғанда жүреді. Жол жүру құны қоғамдық көліктегідей 90 теңге картамен, 180 теңге қолма-қол төлем бойынша.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды