«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Номад» ел чемпионы бола ма?

0 9

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф ойындары жалғасуда. Финалда Нұр-Сұлтан қаласының «Номад» командасы мен Атырау облысының «Бейбарыс» командасы бәсекеге түсіп жатыр.

Үш жеңіске дейін жалғасатын финалдық «жекпе-жектің» үш ойыны өтті. Әзірге есеп 2:1 болып атыраулықтардың пайдасына шешіліп тұр. Алғашқы екі ойынды өз алаңында өткізіп жеңіске жеткен «Бейбарыс» жексенбі күні Нұр-Сұлтанда алаң иелеріне есе жіберді. Негізгі уақытта 2:2 есебі тіркелгенімен, овертаймда «Номад» жеңісті жұлып әкетті. Осылайша жалпы есеп 2:1 болды. Кеше кешке Нұр-Сұлтандағы екінші матч өтті. Түптеп айтқанда, төрт рет жеңіске жеткен команда жеңімпаз атанады. Демек, Қазақстан чемпионы кім болатынын алдағы ойындардан білетін боламыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды