-->

Неманья «Валенсияға» ауысады

«Астана» футбол клубының және Сербия құрамасының талантты жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Испанияның «Валенсия» клубына ауыспақшы.

02-1

Қазақстан чемпионының аталмыш клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін қарастырылған. Қосымша бір маусымға созылуы мүмкін.
Әзірге бұл шешім ресми түрде хабарланбады. Бірақ Максимовичтің ол команданың сапына жазда қосылу ықтималдығы жоғары. Себебі «Астанамен» келісімшарты аяқталса, еркін агент ретінде ақысыз ауысады. Ал қазір трансфер терезесі ашық кезде аттанатын болса, испаниялықтарға 300 мың еуро төлеуге тура келеді.
Неманьяға Еуропаның «Ювентус», «Монака», «Бенфика», «Рома», «Севилья», «Марсель», «Олимпиакос», «Лион», «Гамбург», «Спортинг» секілді клубтары қызығушылық танытқан. Ойыншының өзі испаниялық «Marca» басылымына осылардың ішінен «Валенсияны» таңдауының себебін де ашып айтты: «Валенсия» – үлкен клуб. Сондықтан бір ойға келу қиынға соқпады. Маған Еуропаның үздік клубтарынан ұсыныстар түскенімен, мұнда бәрін басынан бастауға мүмкіндік туып тұр. Жаңа «Валенсияның» жасақталуына қатысқым келеді»

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*