Нағыз талант өнердің құнын түсірмейді

Марат ОМАРОВ, композитор, ҚР еңбек сіңірген артисі:

– «Анашым», «Алғашқы махаббат», «Қыз сыны» әндерімен елге танылып, жұртшылық қоше­метіне бөлендіңіз. Кейінгі кезде неге ән жазбай кеттіңіз?
Дария, зейнеткер
– 1998 жылы «Арман қала – Астана» деген ән шығардым. Содан Ас­та­­наға көшіп келдім. Әри­не, өз шы­ғар­ма­шы­лы­ғыммен шұғылданып, ән айтып қана жүре берем десем, ма­ған Алматының өзі жетер еді. Өйт­кені 25-30 жылғы өмірім осы қа­лада өтті. Деген­мен, мен өзгеге ұқса­май­тын жаңа дүние­лер жаса­ғым келді. Осы ойдың же­те­гінде жүр­генде Астанаға көш­тім. Мұнда маған көптеген жоғары лауазым­ды жұмыстар ұсы­нылды. Бірақ шығар­ма­шылық адамы мә­дениетке, өнерге еңбек сіңіруі керек қой. Сондықтан Астана қаласынан халықаралық «Та­лант» өнер ор­та­лығын аштым. Ба­лапандардың өне­­ріне қанат біті­руге күш салып жа­тыр­мын. Алда­ғы уақытта өзімнің же­ке шығар­ма­шы­лы­ғыма көңіл бөлмекпін.

– Бүгінде ән авторын анықтау­дың өзі қиынға түскенін әнге та­ласқан әріптестеріңізге қарап, бі­ліп жа­тыр­мыз. Ендеше, осындай кикіл­жіңдердің алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
Динара
– Мұның себебі 90-жылдарда­ғыдай көркемдік кеңес жоқ. Сол кезде әндерімізге тоғыз жерден сүзгі жасалатын. Оған Қазақконцерт, Мә­дениет министрлігі, Компози­торлар одағы, радиолардағы көр­кемдік кеңес ұжымдары атсалыс-ты. Олар туындыларды тексеріп, сұрыптап барып қол қоюы керек. Ал содан соң сіз теледидарға жіберуге мүмкіндік аласыз. Бүгін соның бірі бар ма? Әрине, жоқ.

– Айтпақшы, бір сұхбатыңызда «Алғашқы махаббат» дейтін әні­ңізге үнділіктер құда түсті деген еді­ңіз…
Сәруар
– Иә, Митхун Чакрабортидің баласы «Алғашқы махаббат» атты әнімді сұраған. Олармен бірігіп, «Сақиналы аққу» деген кино тү­сір­мекші болғанбыз. Қаржылай дағ­дарыс болып, тоқтап қалды. Әйт­песе, жоспар дайын.

– Өнер орталығын ашуға не түрткі болды?
Гүлсім, мұғалім
– Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында Шолаққорған деген ауыл болатын. Сонда екінші сыныпта оқып жүргенімде Шәмші ағамыз келді. Мен «Ана туралы жыр» әнін орындадым. Әнді орындап біткенде Шәмші аға маңдайымнан сүйіп: «Осындай шалғайда тұратын, ауыл­­дан шығатын балалар үшін, шір­­кін-ай, өнер мектебі ашылса ғой» деді. Сол сөз санама қатты әсер ет­ті. Бүгінде бес қабаттан тұратын орталы­ғымызда 300 орындық залымыз бар. Балет, хореография, би өне­рі, ұлт­тық аспап­тарға баулу бөлім­дерінде жас таланттар дарынын ұш­тайды. Сондай-ақ, өзіміз кон­церт береміз, дәмханамыз да бар. Жалпы, бұл кешенде адамға керек нәр­сенің бәрі табылады.

– Қазір екінің бірі ән жазады. Бұл қазақ әуенінің бағасын түсіреді деп ойламайсыз ба?
Талғат
– Олар – өзін-өзі насихаттайтындар. Ал, нағыз талант өнердің құнын түсірмейді. Олар өнерді насихаттайды. Егер шынымен өзгеше стиль тауып жатса, халық оны таниды. Ал егер Еуропадан естіп алып, ұлттық нақышы жоқ ән шығарса, ол қашан да арзанқол дүние болып шығады.

– «Талант» өнер орталығының жұмысы қалай жүріп жатыр?
Мира
– «Талант» халықаралық өнер орталығы болғандықтан, шетел­дік әріптестерімен тығыз қа­рым-қатынаста. Қазіргі таңда ол Ма­лай­зия, Үндiстан секілді бір­қа­тар елдермен байланыста. Бүкіл­әлемдік «FIDOF» композиторлар қауым­дастығымен де әріптестік ор­натып үлгерді. Үздік жобалар шет мем­лекеттердегі фестивальдар мен байқауларға қатыстырылады. Со­нымен қатар, әрбір тоқсан сайын жас дарын иелері АҚШ-қа шығар­машылық сапарлар жасайды. Қазір «Таланттың» белді шәкірттері Кипр­­ге аттанғалы отыр. Сондай-ақ, Гол­­ли­вудтағы «Бақытты бала­лық шақ» атты фестивальда алты жасар Бибімариям Омарова қазақ, испан, ағылшын тілдерінде ән айтып, актерлік шеберлігімен қалың көрерменді баурап алған еді. Осы байқау барысында Нью Йорк фильм ака­де­миясының директоры Ден Маклер Бибі­мариям­ның өне­ріне сүй­сініп, Уолт Диснейге шақырт­у берді. Ағылшын тілін енді ғана меңгеріп жүргендіктен шақыр­туды кейінге қалдырдық.

– Сізді өнер адамдарының ішін­дегі ең бақуаттылардың бірі деп жа­тады, солай ма?
Аслан
– Бақуаттылық, байлық адамға бірден келмейді. Тек маңдай термен, еңбекпен келеді. Кішкентай нәр­се болса да, Алладан адал жолмен берілсе, одан басқа бақыттың ке­регі жоқ. Ал үйдей үлкен байлық арам жолмен келсе, ең жаманы сол. Ма­ған беріп жатқан несібесі мен ри­зығына тәубе деймін. Жалпы, Қа­зақ­стандағы әр адам еңбек етсе, ба­қуатты тұруға толық мүмкіндігі бар.

– Жеке концертіңізге қашан шақырасыз?
Сауле
– Бұйыртса, күзде Астана мен Алматыда концерт бермекпін.

– Байқауларды жиі ұйымдас­­тыра­ты­ныңызды білеміз. Деген­­мен, айтыңызшы, біздегі байқау­лар қан­­шалықты әділ өтеді деп ойлайсыз?
Самал
– Әділетсіздік бар. Ал оның алдын қалай алуға болатынын білмеймін. Білетінім, әншілер байқау­ға барар­дың алдында ойлансын. Қатысу ке­рек пе, жоқ па деп. Оның үстіне кей­бір байқауларға мемлекеттен ақша бөлінеді. Бірақ ол қаражат еш­кімнің қалтасынан шықпаған соң, әркім талан-таражға салады.

– Шәкіртіңіз Еркеш Хасен қай­да жүр?
Нариман, студент
– Еркеш қазір «Айгөлек» бағдар­ламасының жүргізушісі. Болашақта Еркешке жаңа әндер жазғызамыз.

Еркежан СӘТІМБЕК

Сонымен қатар

Қадірлі оқырман!

«Оқырманнан – он сұрақ» айдарының кезекті қонағы – эстрада әншісі Нұржан Керменбаев. Көкейіңізде жүрген сауалыңыз …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған