«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Надаль мен Джокович келеді

0 33

Бейсенбі, 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында әлемдегі ең мықты әрі ең бай теннисшілер қайырымдылық матч өткізеді. Спорт жұлдыздары «Барыс Арена» спорт кешенінде өнер көрсетеді. Бұл матчқа еліміздегі тенниспен айналысатын балалар мен жастар, сонымен қатар спорт жанкүйерлері шақырылады.

Новак Джокович – Сербия азаматы, 32 жаста, қазір әлемнің 1-ші ракеткасы, 16 «Үлкен дулыға» жеңімпазы, Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, жеке капиталы – 135 259 120 $, бойы – 188 см, салмағы – 77 кг.
Рафаель Надаль –Испания азаматы, 33 жаста, қазір әлемнің 2-інші ракеткасы, 19 «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы, Пекин және Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының чемпионы, жеке капиталы – 115 178 858 $, бойы – 185 см, салмағы – 85 кг.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды