«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Музыка мерекесі

0 14

Елорданың туған күніне орай ЭКСПО аумағындағы алаңда Spirit of Eurasia халықаралық заманауи этника­лық музыка фестивалі өтті.

«Spirit of Eurasia астанада осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқауда 14 елдің әртістері өнер көрсетті. Оның ішінде Қазақстаннан басқа, Латвия, Испания, Оңтүстік Корея, Франция, Мажарстан, Түркия, Зимбабве секілді мемлекеттер бар» дейді шара ұйымдастырушыларының бірі Әсемгүл Оспанова.
Биылғы фестиваль сах­насына шыққан ерек­ше жо­балардың бірі Aldaspan тобы болды. Электрлі домбыраларда ойнайтын ерекше топты Нұржан Тойшы құрған. Ал талантты импровизатор Лайма Янсоне мен диджей Monsta құрған ZeMe атты дуэт көпшілікке ішекті кокле аспабының үні мен диджейдің қуатты скрэт­чингімен үндескен ерекше әуенді ұсынды. Сондай-ақ концерт барысында саxнаға шыққан бурятиялық Shono, испан-мозамбик өнерпаздарынан құралған Childo, оңтүстіккорея­лық Ak Dan Gwang Chill топтары да көрерменнің ықыласына бөленді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды