«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Музейді түйсік арқылы таныды

0 21

Елордада алғаш рет Түркия, Әзербайжан және еліміздің әр өңірінен келген зағип балаларға арналған «Шекараны кеңейтіп – әлемді ашамыз» атты халықаралық фестиваль өтті.

Айтулы шараның мақсаты: ерекше балаларға қарым-қатынас үшін жағдай жасау, достықты нығайту және олардың шығармашылығын ұштауды көздейді.
Фестиваль аясында еліміздің бас музейінде жеткіншектерге «Ұлттық ою-өрнек өнері» атты дәріс пен «Киізден сурет салу және киіз басу» деген шеберлік сабағы өткізілді. Бұл сабақ балаларға қатты ұнады. Олар жасанды киізден жасалған ою-өрнек түрлерінің көмегімен әр ою-өрнекті қолмен ұстап көрді. Және дымқыл балқыту техникасын қолдана отырып, қой жүнінен ұлттық ою-өрнектер бейнеленген әдемі сурет жасады.
Сабақтан кейін балаларға өздері өрнек салып, киізден жасаған кілемшелері сыйға берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды