«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мұз құрсанған «мың бір түн»

0 59

Ботаникалық бақ аумағында мұз мүсіншілерінің халықаралық байқауы ашылды. Қазақстан, Ресей және Қытайдан 16 ұжым қатысып отырған байқау «Мың бір түн» тақырыбына арналған.

Суретшілердің шығармашылық тәжірибе алмасуы, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қаланы мәдени туризм орталығы ретінде көрсету мақсатын көздеген шараға елорданың 4 командасы да қатысып отыр. Сонымен қатар Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау, Орал, Риддер, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Көкшетау қалаларының мүсіншілерінен құралған командалар бәйгеге түскен.
Мүсіншілер қазір Есіл өзенінен ойылып алынған мұздардан әр түрлі нысандар жасауға кірісіп кеткен. Байқау соңында әр ұжым қазылар алқасына өздері жасаған бір мүсінді таныстырады. Жеңімпаздар 16 қаңтарда анықталады. Жүлделі орын алғандар кубокпен, дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды