«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мұз қалашық – мереке қуанышы

0 59

Елордада жаңа мұз қалашығы пайда болды. Енді астаналықтар мен қала қонақтары Ботаникалық баққа барып, шығыстың ертегі әлеміне саяхаттай алады.

Қалашықта мұздан жасалған шығыс ертегілерінің кейіпкерлері мен іші гүлге толы мүсіндер қойылған. Одан әрі түрлі-түсті гирляндалармен безендірілген көпірді көресіз. Ерекше мұз мүсіндермен әрленген бақтағы көрініс көздің жауын алады. Мұндағы мұз төбешіктің құрылысы да аяқталуға жақын.
Сондай-ақ Ботаникалық бақтың аумағында балалар мен ересектерге арналған мұз айдыны да қарастырылған. Мұнда конькилер мен тюбингтер жалға беріледі. Ал құмыра бейнесіндегі жарықшамдар мен шығыс үлгісіндегі кескіндер қысқы бақтың ажарын аша түседі.
Соңғы әрлеу жұмыстары аяқталған соң Ботаникалық бақ елорда қонақтары мен тұрғындарына есігін айқара ашады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды