«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мұқтаж жандардың меселі қайтпасын

Қала әкімі Алтай Көлгінов кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. Әкімнің қабылдауында болған тұрғындар дәрі-дәрмекке, білім алуға, балабақшаға жолдама алуға, жұмыс табуға және жеке ісін дамытуға қатыс­ты мәселелерді көтерді.

0 34

Әкімнің алдында өтінішін айтуға мүмкіндік алған Асқар Бекмағамбетов «Силикатный» тұрғын үй алабындағы үйдің апатты жағдайда деп танылғанын, алайда қазіргі уақытта онда 50-ге жуық адам тұрып жатқанын айтты. «Қазірдің өзінде кіреберістің бір есігі сынған. Біз үйіндінің астында қалып қоя­мыз ба деп қорқамыз. Бізге үйімізді қашан бұзылатынын және қай уақытта көшіретінін айтқан ешкім жоқ» деді ол.
Тұрғынның айтқан мәселесіне байланысты қала әкімі «Силикатный» тұрғын үй алабындағы үйлерге баруды жұмыс кестесіне енгізіп қойды. Қабылдау барысында аудан әкімдері мен басқарма басшыларының және олардың орынбасарларының тұрғындарға ақпаратты толық жеткізбейтіні және жүргізіліп жатқан жұмыс жоспарлары мен көмек көрсету шаралары туралы қарапайым тілде түсіндірмейтіні анықталды. Қала басшысы әріптестеріне халықпен нақты тығыз байланыс орнату қажет екенін атап өтті. «Көмекке мұқтаж азаматтар алдымызға келгенде қағазбастылықпен айналыспау керек» деді А.Көлгінов. Айта кетейік, бір ай ішінде қала басшысы 200-ден аса адамды қабылдады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды